жұма, 16 қаңтар, 2026 13:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Маңғыстауда 50 жолаушысы бар автобус аударылды, қаза тапқандар бар

Маңғыстауда 50 жолаушысы бар автобус аударылды, қаза тапқандар бар
Көлік министрлігі
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Көлік министрлігі жолда ешқандай ақау болмағанын мәлімдейді.

Маңғыстау облысында ішінде 50 жолаушысы бар автобус аударылды. Оқиға орнында төрт адам көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлады Көлік министрлігі.

Қайғылы жол апаты 16 қаңтар күні сағат 01:03-те Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайотес – Шетпе – Жетібай – Ақтау жолының 383-шақырымында болған. Yutong маркалы автобус «Caspian Trans Corporation» ЖШС-іне тіркелген, техникалық тексерістен 2025 жылдың 19 желтоқсанында өткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші Ақтаудан Бейнеуге қарай келе жатқан кезде рөлді басқара алмай қалған. Соның салдарынан автобус аударылып қалған. Оқиға орнында төрт жолаушы көз жұмды, тағы үш адам әртүрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Жол бөлігі II техникалық санатқа жатады. Жол жабыны асфальтобетон, ақаулар жоқ. Жол белгілері орнатылған. Оқиға түнгі уақытта болған», – делінген хабарламада.

Рөлде 1985 жылы туған жүргізуші болған. Жол-көлік оқиғасына дейін шамамен 200 км жерде екінші жүргізуші ауысқан.

Жол апатының мән-жайын өңірлік полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар