Ресейлік рэп орындаушы Алишер Моргенштерн су тасқынынан зардап шеккен Қостанайға гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігін жібереді.
Орындаушы гуманитарлық көмекті зардап шеккендерге көмектесетін қоры арқылы жібергенін айтты.
“Қостанай, Қазақстан сіздерге де гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі жиналып жатыр. Қазір біз “Крокус”, Орск және Қостанаймен айналысып жатырмыз. Егер сіз осы жағдайлардың құрбаны болсаңыз – ботқа жазыңыз. Пайдаға кенелемін немесе бізді алдаймын деп ойласаңыз – жүзіңізді бүкіл әлем көреді. Зардап шеккендердің бәріне біз туралы айтыңыздаршы, өтініш. Ақша көп, қалауыңызға қарай анонимді болатынына кепілдік беремін”, – деп жазды Моргенштерн Telegram-арнасына.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.