жексенбі, 11 қаңтар, 2026 20:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарағандыда онлайн танысқан 19 жастағы жігіт алаяқтардың құрбаны болды

Қарағандыда онлайн танысқан 19 жастағы жігіт алаяқтардың құрбаны болды
Фото: freepik
Қарағандыда интернет арқылы қызбен таныспақ болған 19 жастағы жігіт алаяқтыққа тап болып, ақшасынан айырылды.

Оқиға туралы ақпаратты Қарағанды облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жас жігіт танысу платформасында қызбен сөйлесіп, онымен кездесуге келіскен. Алайда белгіленген жерге барған кезде бейтаныс адамдар оны алдап, ақшасын тартып алған.

Құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, күдіктілерді ұстаған. Олар – 20 және 22 жастағы жергілікті тұрғындар екені анықталды.

Осы жағдайға байланысты Ішкі істер органдары азаматтарды онлайн танысу кезінде сақ болуға шақырады.

«Онлайн танысу кезінде бейтаныс адамдарға сене салмаңыздар. Кездесулер кезінде ерекше сақтық танытыңыздар», – деді ІІМ өкілдері.

Полиция интернеттегі танысу қызметтерін пайдалану кезінде жеке деректерді бөліспеуге және күмән тудыратын ұсыныстардан бас тартуға кеңес береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар