жексенбі, 11 қаңтар, 2026 19:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ольга Рыпакова Жеңіл атлетика федерациясының Президенттігінен кетті

Ольга Рыпакова Жеңіл атлетика федерациясының Президенттігінен кетті
olympic.kz
Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясында басшылық ауысты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 9 қаңтарда ұйым президенті қызметін тоқтатып, бұл қызметке «ҚазМұнайГаздың» басқарма төрағасы Асхат Хасенов тағайындалғаны белгілі болды. Бұл туралы Федерацияның және компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Құрметті президенті болып сайланды. Халықаралық федерациялармен өзара іс-қимыл және шетелдік мамандармен жұмыс көлемінің артуына байланысты Ольга Рыпакова президент қызметінен Құрметті президент қызметіне ауысты», – делінген ресми мәліметте.

Жаңа мәртебе Рыпаковаға халықаралық бағыттағы жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстанның спорттық имиджін әлемдік аренада ілгерілетуге мүмкіндік береді. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметіне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов тағайындалды.

«Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті болып "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов тағайындалды», – деп көрсетілген Баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Сарапшылардың пікірінше, корпоративтік басқаруда тәжірибесі мол жаңа басшының келуі Федерацияның ұйымдастырушылық әлеуетін күшейтіп, инфрақұрылымдық даму мен инвестиция тарту мүмкіндігін кеңейте алады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар