бейсенбі, 8 қаңтар, 2026 2:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкентте 80 млн теңгені қалтасына басқан күдікті әйел ұсталды

Шымкентте 80 млн теңгені қалтасына басқан күдікті әйел ұсталды
елорда ақпарат
Шымкентте 80 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол шымкенттік тұрғындарға қатысты бірқатар алаяқтық дерегіне қатысы бар. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады.

Алаяқтық эпизодтарының бірінде күдікті алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерін иемденіп кеткен. Сонымен қатар ол тұрғындардан шетелге арзан бағамен туристік сапарлар ұйымдастырамын деп ақша алып, турларды ұйымдастырмай, қаражатты қайтармаған.

«Аталған жайттар бойынша күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Жүргізілген кешенді жедел іздестіру шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтауға және қылмыстық әрекеттердің қосымша эпизодтарын әшкерелеуге бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар