Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы мәлімет берді.
Мәселен, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен eGov сервисінің «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі іске қосылғаннан бері 500-ге жуық ұсыныс келіп түскен. Халық арасынан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жолданған ұсыныстар мен бастамаларды талдау, жүйелеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бұған дейінгі отырыстарында бір палаталы Парламентті қалыптастыру және оның заңнамалық функцияларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 9 қаңтарға жоспарланған Жұмыс тобының кезекті жиынында қалған бағыттар бойынша ұсыныстар егжей-тегжейлі қаралады.
Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші Президентке Ұлттық құрылтайдың жұмыс секциялары бойынша желтоқсан айында өткен отырыстың қорытындылары және Құрылтайдың алдағы бесінші бас қосуына дайындық барысы туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті реформалау саяси жүйені трансформациялау үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, алда ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанына назар аударды. Сондай-ақ барлық бастаманы жан-жақты саралап, оның негізінде конституциялық реформаның базалық тәсілдерін әзірлеуді тапсырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Гүлзира Айдарбекова қуанышты жаңалығын бөлісті
Ұқсас жаңалықтар
Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады
- авторОймақ
- 6 қаңтар, 2026






