жұма, 22 қараша, 2024 0:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтау әуежайына қатысты тергеп-тергеу қайта басталды

Ақтау әуежайына қатысты тергеп-тергеу қайта басталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-на қатысты тергеп-тексеруді қайта бастады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-на қатысты тергеп-тексеруді қайта бастады.

Тергеуге авиаотынды сақтауға арналған резервуарларды жалға беру қызметі бойынша монополиялық жоғарғы баға белгілеу негіз болып отыр.

«Авиаотынды сақтау ерекше тауар нарығына жатады. Әуежайда қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, авиакомпаниялар тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін авиациялық отынның сақталуын әуежайдың өзі қамтамасыз етуі керек. Алайда оның орнына әуежай заңнамада көзделген тікелей міндеттемесінен өзін-өзі шеттетіп, резервуарды тиісті тауар нарығындағы ең жоғары бағамен авиакомпанияларға жалға берген. Әуежай монополияға қарсы ведомствоның дәлелдерімен келіспей, монополияға қарсы органның тексеру жүргізу туралы бұйрығын заңсыз деп тану және күшін жою жөнінде сотқа талап арыз түсірген болатын. Ұзаққа созылған (1 жыл 3 ай) сот нәтижесінде Жоғарғы соттың қаулысымен талапкердің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды» деп жазылған ведомство таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Еліміздің монополияға қарсы заңнамасы бойынша заң бұзу деректері анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданбақ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар