жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жер астына түсіп кеткен бе?

Жер астына түсіп кеткен бе?
фото Валерий Бугаев
"Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздеу жұмыстары қайта жанданды

 

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздеу жұмыстары қайта жанданды. Жұмыс тәулік бойы жүргізілетін болады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Жұмыс қайта жанданды. Тау-кен жұмыстары тәулік бойы жүргізілетін болады. Онда шұңқырдың айналасы арнайы үйінділермен қоршалып, тау-кен-инженерлік жұмыстарды жүргізу жобасын дайындау бойынша бірқатар істер атқарылды. Ауыр техниканың көмегімен бүйірлік траншеялар кеңейтіліп, аппарель құлаудың түбіне дейін тереңдей түседі, – делінген хабарламада.

Департамент осы жұмыстардың барлығымен кәсіпорын айналысатынын тілге тиек етті. Әрі жер астында қалған қос құтқарушыны іздеу жұмыстарын жалғастыру үшін қазір техника опырылған жердің түбіне қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша дайындық шаралары жүргізіліп жатқанын қосты. Жұмыстар аяқтала салысымен іздестіру-құтқару жұмыстары қайта басталады. Дегенмен, төтеншеліктер бұл іске компанияның өзі жауапты екенін атап өтті. 

ТЖД күштері мен құралдары төтенше жағдай орнында, күту режимінде екенін еске саламыз.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар