сәрсенбі, 7 қаңтар, 2026 3:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Трамп: АҚШ Венесуэланы бақылауда ұстап отыр

Трамп: АҚШ Венесуэланы бақылауда ұстап отыр
Фото: Anadolu Agency
Қазіргі таңда Америка Құрама Штаттары Венесуэланы іс жүзінде басқарып отыр. Бұл туралы журналистерге АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

Ақ үй басшысы Венесуэлада сайлау тиісті уақыты келгенде өткізілетінін айтты.

Сайлау дұрыс сәтте өтеді. Қазір ең бастысы – жағдайды ретке келтіру, – деді Трамп.

Трамптың айтуынша, Венесуэланың вице-президенті әрі уақытша мемлекет басшысы міндетін атқарып отырған Делси Родригес америкалық тараппен ынтымақтасып жұмыс істеп отыр.

Айта кетейік, 2 қаңтар күні түнде жергілікті уақытпен шамамен сағат 02:00-де Каракас тұрғындары бірінен соң бірі естілген жойқын жарылыстарды және төмен биіктікте ұшқан ұшақтардың дыбысын естіген.

Венесуэла билігі елдің әртүрлі өңірлеріндегі азаматтық және әскери нысандарға соққы жасағаны үшін Вашингтонды айыптады.

АҚШ президенті Дональд Трамп таңертең Венесуэлаға қарсы ауқымды шабуыл ұйымдастырылғанын растады. Оның айтуынша, операция барысында Николас Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, ел аумағынан тысқары жерге әкетілген.

АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бонди Николас Мадуро мен Силия Флореске ресми айып тағылғанын хабарлады. Айыптардың қатарында: наркоторроризм, АҚШ аумағына кокаин кіргізу мақсатындағы сөз байласу, автоматты қару мен жойғыш құрылғыларды сақтау және оларды сақтау жөніндегі астыртын келісімдер бар.

Венесуэла үкіметі АҚШ-тың бұл әрекеттерін елдің егемендігін өрескел бұзу деп бағалап, халықаралық қауымдастықты болған оқиғаға қатаң баға беруге шақырды.

Әлем астаналарының реакциясы әртүрлі болды: бірқатар мемлекеттер шабуылды қатаң айыптаса, өзге елдер Вашингтонды қолдайтынын білдірді немесе пікір айтудан бас тартты.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар