сейсенбі, 30 желтоқсан, 2025 18:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елордалық "Астана" клубы жекеменшікке берілетін болды

Елордалық "Астана" клубы жекеменшікке берілетін болды
"Астана" футбол клубы
Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

Елордалық «Астана» футбол клубын жекеменшікке беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, клубқа қызығушылық танытқан инвестор бар, алайда рәсімдер толық аяқталмағандықтан, әзірге оның аты-жөні жария етілмейді.

«Астана» – қалыптасқан тарихы мен жетістіктері бар, халықаралық деңгейде танылған клуб. Осы уақытқа дейін ол Sport Qory бірыңғай операторы арқылы қаржыландырылды. Биыл клубты коммерцияландыруды көздеп отырмыз. Бұл бағытта нақты жұмыс жүріп жатыр, инвестор бар», – деді Ербол Мырзабосынов.

Сондай-ақ ол бүгінде Қазақстанда бес футбол клубы жекеменшікке өткенін атап өтті. Қалған жеті клубқа да инвестор тарту бойынша келіссөздер жалғасуда.

«Мақсат – клубтардың ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын серіктестерді табу», – деп қосты министр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар