жұма, 20 қыркүйек, 2024 15:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Су тасқыны кезінде екі адам жоғалып кетті

Су тасқыны кезінде екі адам жоғалып кетті
фото ашық дереккөздерден
Топан су астында қалған Құлсары қаласында екі адамға іздеу салынды.

 Топан су астында қалған Құлсары қаласында екі адамға іздеу салынды. Бұл туралы қалалық жедел штабтан хабарланды.

«06.04.2024 жылғы сағат 21:30-да Құлсары қаласында «Гранд Холл» мейрамханасының жанынан көлік табылды, алдын ала мәліметтер бойынша 2 адам (әкесі мен баласы) жоғалып кетті, іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Қосымша Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамнан 500 адам бөлді, одан бөлек Маңғыстау облысы 9 бірлік техника мен 72 жеке құрам қызметкерін жіберді. Олар жолда келе жатыр», - делінген жедел хабарламада. 

Ақпаратта айтылғандай, су тасқыны аумағынан эвакуацияланғандардың дені әйелдер, балалар және мүгедек жандар. 

«Ер адамдар өзен арнасы бойындағы бөгеттерді тұрғызуға, патрульдеуге және нығайтуға қатысып жатыр. Полиция департаменті ұрлық пен вандализм фактілеріне жол бермеу бойынша тәулік бойы және күшейтілген режим жұмысына көшті», - дейді штабтан. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар