бейсенбі, 25 желтоқсан, 2025 0:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан мейрамхана қызметкері жұмыстан босатылды

Қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан мейрамхана қызметкері жұмыстан босатылды
фото скрин
Gusto мейрамханасы 21 желтоқсанда орын алған жағдайға қатысты ішкі тексеру жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді.

Алматыдағы Gusto мейрамханасы 21 желтоқсанда орын алған жағдайға қатысты ішкі тексеру жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап..

Мейрамхана таратқан ресми мәлімдемеге сәйкес, тексеру қорытындысы бойынша сервис стандарттары мен корпоративтік коммуникация талаптарын бұзуға жол берген мейрамхана әкімшісінің қызметін тоқтату туралы басқарушылық шешім қабылданған.

«Аталған шешім тек ішкі тәртіптік шара болып табылады және оқиғаға қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді көздемейді. Оқиғаға байланысты одан әрі қарау заңнамада белгіленген тәртіппен тараптардың өзара қатысуымен жүзеге асырылып жатыр», – делінген хабарламада.

Мейрамхана өкілдері қонақтармен қарым-қатынаста сыйластық пен әдептілікті басты қағидат ретінде ұстанатынын атап өтті. Қандай жағдай болмасын, дөрекі немесе орынсыз сөйлеуге жол берілмейтіні және мұндай әрекеттердің сервис стандарттарына қайшы екені баса айтылған. Осыған байланысты ішкі регламенттер күшейтіліп, қызметкерлермен қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілетіні хабарланды.

Сондай-ақ мәлімдемеде Gusto мейрамханасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін құрметтейтіні және қонақтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсететіні көрсетілген.

«Орын алған жағдайдың қоғамда теріс пікір тудырғанына өкініш білдіреміз. Көрсеткен түсіністік пен кері байланыс үшін қонақтарымызға алғыс айтамыз», – деп түйінделеді мәлімдемеде.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар