"Өз-өзіне қол жұмсады" Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі көз жұмды
- авторОймақ
- 22 желтоқсан, 2025
- 196
Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі өз-өзіне қол салып, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл оқиғаны аудан әкімдігі мен полиция растады.
– 46 жастағы Еркін Оразбекұлы Далмағамбетовтің мәйіті 20 желтоқсанда кешкі сағат 9 шамасында үйінен табылған. Қазір өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Марқұм Еркін Далмағамбетов әкімдік қызметке өткен жылдың маусым айынан бері атқарған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






