жексенбі, 21 желтоқсан, 2025 15:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада 21 желтоқсанда ауа температурасы күрт төмендеп, аяз болады

Астанада 21 желтоқсанда ауа температурасы күрт төмендеп, аяз болады
ашық дереккөз
Тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Астанада 21 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы күрт төмендеп, -25-27 градус аяз болады деп болжанып отыр. Осыған байланысты құтқарушылар елорда тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райы жағдайында тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, дауылды ескертулерді назарда ұстауға және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға шақырады.

Дауылды ескертулер, ауа райының нашарлауы, сондай-ақ қала аумағындағы автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты СМС-хабарламалар, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы қадағалау ұсынылады.

Сонымен қатар, құтқарушылар қыс мезгілінде мұздың әлі толық қатпағанын ескертіп, тұрғындарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын да қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар