сенбі, 20 желтоқсан, 2025 21:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы тауларында бір күн бұрын жоғалған қыздың мәйіті табылды

Алматы тауларында бір күн бұрын жоғалған қыздың мәйіті табылды
видеодан кадр
Марқұм тауға жалғыз өзі шыққан.

Алматы тауларында бір күн бұрын жоғалған  қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Марқұм 19 желтоқсан күні шамамен сағат 16:00-де әпкесімен соңғы рет байланысқа шыққан. Сол әңгіме барысында ол Букреев шыңынан Pioneer тау-шаңғы курорты бағытына қарай түсіп келе жатқанын хабарлаған. Қыздың үстінде тауға арналған арнайы аяқ киім, қара түсті қысқы комбинезон және қолында сноуборд алып жүргені айтылды.

Туыстарының мәліметінше, ол бұл бағытпен бұған дейін де бірнеше мәрте жүрген. 
Pioneer курорты аумағындағы бейнебақылау камералары қыздың таңғы сағат 6:30 шамасында жолға шыққанын тіркеген. Алайда оның кері оралған сәті камера жазбаларында анықталмаған.

Курорттың ақпаратына сүйенсек, құтқару қызметі Букреев шыңы маңынан бір күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйітін тапқан.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жүргізіліп, жеке басын нақтылау жұмыстары қолға алынған.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм тауға жалғыз өзі шыққан.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар