Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Еске алу іс-шарасына Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.
Жиналған қауым елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған ерлердің рухына бір минут үнсіздік жариялап, тағзым етті.
Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-рухты оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаумен аяқталды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Айбек Смадияр Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
- авторОймақ
- 15 желтоқсан, 2025




