жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ауыр атлетикадан әлем кубогында қазақстандық жеңіске жетті

Ауыр атлетикадан әлем кубогында қазақстандық жеңіске жетті
фото ашық дереккөздерден
Таиландта өткен ауыр атлетикадан әлем кубогында қазақстандық ауыр атлет жеңіске жетті

5 сәуірде қазақстандық Сергей Петрович ауыр атлетикадан Пхукетте өткен лицензиялық әлем кубогының "С" тобының жеңімпазы атанды. 

Сергей Петрович – Қазақстаннан олимпиадаға жолдама алған жалғыз үміткер. Жұлқа көтеруде Сергей С топтағы қатысушылар арасында үздік нәтиже көрсетіп, 167 келіні көтерді. Серпе көтеруде 196 келіні бағындырып, қоссайыс бойынша барлығы 363 келіні бағындырды. 

Топта екінші орынды кубалық Олфидес Саез (160+200 келі) алды. Үшінші орын қырғызстандық спортшы Эмиль Молдодосовқа (160+187) бұйырды.

"Сергей 100 пайыз дауыс беріп, топта жеңіске жетті. Алайда бұл салмақтағы басқа қатысушылар 6 сәуірде бақ сынайды. Негізгі бәсекелестер Оңтүстік Корея мен Иран спортшылары”, – деп мәлімдеді ауыр атлетикадан Қазақстандағы ҰҚК ерлер арасындағы бас бапкер Дәурен Бекмұханбетов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар