сейсенбі, 26 қараша, 2024 10:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кедейлікті бағалаудың тәжірибелері талқыланды

Кедейлікті бағалаудың тәжірибелері талқыланды
Фото: дереккөз
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінде ғылым онкүндігі аясында «Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту және өмір сүру сапасын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік саясаттың оңтайлы моделін әзірлеу және оны сарапшылық қоғамдастықта сынау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жиынға шетелдік сарапшылар, кафедра мүшелері, ұлттық академиялық сарапшылар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ жас зерттеушілер қатысты.

Басқосуда халықтың әл-ауқаты мен кедейлік деңгейін бағалаудың, кедейлікпен күрестің, әл-ауқатты арттырудың отандық және шетелдік тәжірибелері талқыланды.

Атап айтсақ, әлеуметтану магистрі А.Айқынбайқызы Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік саясатқа талдау жасай келе, кей мемлекеттердегі кедейлік себептеріне тоқталды.

«Мысалы, Тәжікстандағы кедейліктің себептеріне диверсификацияланбаған экономика мен экспорт базасы, еңбек мигранттарының ақша аударымдарына тәуелділік, борышқорлық дағдарысына ұшырау тәуекелін жатқызсақ, Түркіменстандағы кедейлік себептері ретінде ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, авторитарлық режим, азық-түлік дағдарысы, жеке кәсіпкерлікке көрсетілетін қысым мен мұнай-газ саласы кәсіпорындарына жоғары салық жүктемесін артуын айта аламыз», – деді зерттеуші.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар