жұма, 22 қараша, 2024 19:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Су тасқынынан зардап шеккендерге бизнес өкілдері көмек қолын созуда

Су тасқынынан зардап шеккендерге бизнес өкілдері көмек қолын созуда
фото: ТЖМ
Біз миллиондаған отандастарымызбен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге және мүлкін жоғалтқандарға шын жүректен жанашырлық танытамыз

Биылғы қарғын су соңғы 30 жылдағы ең ірі су тасқыны саналып отыр. Ауқымы жағынан күн сайын кеңейіп, бүкіл халық алаңдауда. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен тиісті органдарға қатаң тапсырма беріп, жағдайды бақылауында ұстап отыр.

  • Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін. Бұл мақсатқа Үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, «Қазақстан халқына» қорының қаржысын да пайдалану қажет. Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын. Апаттан зардап шеккен азаматтарға және аймақтарға барынша қолдау көрсету керек. Бұл – дәл қазіргі кезеңде баршаға ортақ міндет, – деді Президент.

Осыған орай, бизнес өкілдері де жұмылып, тасқын басталған күннен бастап, қолдан келгенше көмек қолын созуда. Зардап шеккен тұрғындарды қолдауға қайырымдылық көмек ретінде Жандос Әлиұлы Оразов, Қожасбай Ерлан Сәдуақасұлы бастаған кәсіп иелері мен серіктестері 100 млн. теңгені «Демеу Қазақстан қоры» Корпоративтік қорына аударуды бастады.

  • Біз миллиондаған отандастарымызбен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге және мүлкін жоғалтқандарға шын жүректен жанашырлық танытамыз. Біздің қаржылық қолдаудың үлесі, ең болмағанда, олардың ауыртпалығын жеңілдетуге көмектеседі деп үміттенеміз, бұл бірінші қажеттілікке қажетті заттарды сатып алуға және осы қиын кезеңдерден өтуге көмектеседі, – деді Ерлан Қожасбаев.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар