Ақтауда "жарылғыш зат қойылды" деп жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды
- авторОймақ
- Бүгін, 13:50
- 14
Ақтауда "жарылғыш зат қойылды" деген көрінеу жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
25 қазан Telegram мессенджеріндегі "1414" арнасына Ақтау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығында жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратуға қатысы бар жасөспірім ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау — ауыр қылмыс, және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескеретеді. Тұрғындарды расталмаған және жалған ақпарат таратпауға, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекеттерден сақ болуға шақырады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




