Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару Федералдық полиция тарапынан қамауға алынды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Reuters мәліметінше, ол бұған дейін мемлекеттік төңкеріс дайындады деген айып бойынша бірнеше ай үйқамақта болған. Судья Александр де Мораес Болсонаруның жанкүйерлері оның үйінің жанында жиналып, бақылауға кедергі келтіруі мүмкін екенін айтып, қамауға алу туралы шешім шығарды.
Сонымен бірге, экс-президенттің аяғына тағылған электрондық бақылау құрылғысына заңсыз араласу белгілері анықталған. Судья Болсонару шетел елшілігіне барып, саяси баспана іздеу ықтималдығын да атап өтті. Оның жақтастарының кейбірі елден қашып кеткен.
Болсонару 2022 жылғы сайлауда Лула да Силвадан жеңілгеннен кейін билікті бермеу мақсатында мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға талпыныс жасады деп айыпталған. Ол 27 жыл 3 айға сотталғанымен, үкім әлі толық күшіне енбегендіктен апелляциялық шағым қарастырылып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





