жексенбі, 23 қараша, 2025 16:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекет басшысы Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтады

Мемлекет басшысы Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтады
Ақорда
Silk Way Star – мәдени дипломатияның айқын көрінісі, ұлттарымыздың салт-дәстүрі мен шығармашылығын паш ететін тамаша жоба.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Құрметті Silk Way Star қатысушылары!

Бүгін беделді халықаралық өнер додасы өз мәресіне жетеді. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл – Азия елдерінің рухани ықпалдастығын нығайтып, халықтарымыздың достығын бекемдей түсетін бірегей бастама.

Silk Way Star – мәдени дипломатияның айқын көрінісі, ұлттарымыздың салт-дәстүрі мен шығармашылығын паш ететін тамаша жоба. Осындай ауқымды іс-шаралар ынтымағымызды күшейтеді, ортақ құндылықтарымызды жан-жақты дәріптейді. 

Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея елдерінен келген дарын иелері өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, миллиондаған көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Баршаңызға алғыс айтамын.

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіздер деп сенемін!

Сіздерге амандық және сәттілік тілеймін!

Теңдессіз жобаны табысты жүзеге асыруға мол үлес қосқан China Media Group медиакорпорациясына шынайы ризашылығымды білдіремін. 

Құрметті Silk Way Star қатысушылары!

Бүгін беделді халықаралық өнер додасы өз мәресіне жетеді. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл – Азия елдерінің рухани ықпалдастығын нығайтып, халықтарымыздың достығын бекемдей түсетін бірегей бастама.

Silk Way Star – мәдени дипломатияның айқын көрінісі, ұлттарымыздың салт-дәстүрі мен шығармашылығын паш ететін тамаша жоба. Осындай ауқымды іс-шаралар ынтымағымызды күшейтеді, ортақ құндылықтарымызды жан-жақты дәріптейді. 

Теңдессіз жобаны табысты жүзеге асыруға мол үлес қосқан China Media Group медиакорпорациясына шынайы ризашылығымды білдіремін. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар