жұма, 21 қараша, 2025 20:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Доллар бағамы көтерілді

Доллар бағамы көтерілді
istockphoto.com
21 қарашадағы ресми доллар бағамы – 518,19 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 518,66 теңгені құрап, 0,37 теңгеге өсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 21 қарашадағы ресми доллар бағамы – 518,19 теңге.

Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі таңда Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 519,48 теңге, сату бағамы – 521,38 теңге. Астанада долларды орта есеппен 519,25 теңгеден сатып алып, 522,78 теңгеден сатады. Шымкентте долларды орташа есеппен 519 теңгеге сатып алып, 521,09 теңгеге сатуда.

Еске салайық, 17 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,37 теңгеге көтерілген, 18 қарашада 2,63 теңгеге төмендеген, 19 қарашада 1,47 теңгеге, ал 20 қарашада 0,98 теңгеге арзандаған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар