бейсенбі, 20 қараша, 2025 22:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жерді заңсыз бөлген лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тарту тетігін қарастыру керек - Қайрат Балабиев

Жерді заңсыз бөлген лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тарту тетігін қарастыру керек - Қайрат Балабиев
Мәжіліс
Кеше депутат Мәжіліс отырысында жерге қатысты мәселе көтерген еді.

Депутат Қайрат Балабиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғаринға депутаттық сауал жолдады.

Өз сауалында Мәжіліс депутаты:

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
өз Жолдауларында жер мәселесіне айрықша мән беріп, жер халықтың игілігіне қызмет етуі тиіс екенін және оны «жер қадірін білетіндерге беру қажет» деп нақты тапсырған болатын.

Жер - халықтың ырысы мен елдің тірегі. Ол - мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын, ұлттың рухани әрі экономикалық тұғыры. Ата-бабамыз «Жер дауы - ел дауы» деп бекер айтпаған. Өйткені жерге деген құрмет - елге деген құрметтің өлшемі.

Алайда соңғы жылдары еліміздің түрлі өңірлерінде, әсіресе ірі қалалар мен облыс орталықтарында халықтың көкейінде үлкен алаң тудырып отырған бір мәселе бар. Ол - кезінде тиісті мемлекеттік органдардың шешімімен заңды түрде берілген, азаматтар өз қаражатына үй салып, қоныстанып алған жер телімдерінің кейін түрлі себептермен «заңсыз» деп танылып, мемлекет меншігіне кері қайтарылуы.

Көп жағдайда мұндай шешімдер жаңа бас жоспарлардың енгізілуімен немесе бюрократиялық түсінбеушіліктермен байланысты.

Нәтижесінде, кезінде заңды берілген құжаттар жарамсыз деп танылып, азаматтардың баспанасы мен еңбегі бір сәтте «заңсыз құрылыс» мәртебесіне ие болып жатады.

Яғни, бас жоспарлардың жиі және негізсіз өзгеруі азаматтар үшін күтпеген қиындықтар тудырып отыр.

Бұл мәселе тек құқықтық сипатқа ие емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылыққа, азаматтардың өмір сүру деңгейіне әсер ететін өзекті мәселе болып отыр.

«AMANAT» партиясының фракциясы Парламентте халықтың құқықтарын қорғауды, азаматтардың еңбегі мен мүлкін сақтау мәселесін басты назарда ұстайды.

Сондықтан, Үкіметтен төмендегі мәселелерді қарастыруды сұраймыз:

1. Қалалардың және елді мекендердің бас жоспарларын бекіту мен өзгерту тәртібін қайта қарау, негізсіз және жиі өзгерістерге жол бермеу.

2. Азаматтар заңды түрде алған және тұрғын үй салған жер телімдерін «заңсыз» деп тануға жол бермеу жөнінде бірыңғай құқықтық нормалар бекіту.

3. Жерді заңсыз немесе бақылаусыз бөлген лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тарту тетігін нақтылау.

4. Мемлекет немесе қоғамдық қажеттілік үшін алынатын үйлер мен жер телімдеріне қатысты өтемақы төлеу жүйесін жетілдіру.

5. Жер және тұрғын үй қатынастарына қатысты дауларды сотқа дейін шешудің тиімді тетіктерін дамыту.

Депутаттық сауалға заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймын" делінген..

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар