"Күйеуім оның жақын сырласы болды": Индира Елемес Арман Дүйсенов жайлы естелігін бөлісті
- авторОймақ
- Бүгін, 11:00
- 21
Продюсермен соңғы рет жолыққан әнші Индира Елемес 2023 жылы «Шешімі бар» бағдарламасында Арман Дүйсенов жайлы естелігін бөліскен болатын, деп жазады Oimaqnews.kz ozgeris.info.сайтына сілтеме жасап.
«Арман аға сейсенбі күні өмірден өтті ғой. Біз дүйсенбі күні кешке бетпе-бет сөйлескен болатынбыз. Ұзақ әңгімелестік, қуанышты болатын. Ол кісі бейсенбі күні Стамбұл қаласына жұмыс бабымен және денсаулығын тексертуге ұшуы керек болатын.
Жаңа жылда ол кісі отбасымен болды. “Өмірімдегі ең қуанышты, бақытты сәттер болды, қарындас. Абзалтайымның мені мыжғылағанын көрсең ғой. Мен бұл өмірде жеңіске қол жеткіздім деп ойлаймын. Балам Абылайымды мықты тәрбиелеппін. Ол қазір менің орнымды басуға дайын. Жалпы айтып жатқаным ғой” деп махаббатпен, керемет сезіммен айтты. Ол кісі төрт айдай күйзелісте болды. Қиын күйзелісі болды. Дүйсенбі күні “Бейсенбі күні Стамбұлға кетемін” деп жақсы дайындықта еді.
Талай туындыны шығаратын студияда. “Соның бәрін неге түсіріп алмадым” деп өкінемін. Жоспарымыз өте көп болатын. 22 наурызда Стамбұлда Арман аға, бәріміз қосылып үлкен концерт өткізуіміз керек еді.
Бірақ соңғы уақытта дос туралы көп ән шығарыпты. Досқа деген бір реніші болды ма, білмеймін. Бірақ ол кісінің өте үлкен реніші болды. Оның сырласы менің жолдасым болды. Жұбайыммен екі-үш сағаттап кабинетте сөйлесетін», – деді әнші Индира Елемес.
Желіде тараған Индира Елеместің осы видеосынан кейін оқырмандар түрлі пікір жазды.
"Күйеуі сырласып жүріп, бәрін біліп алып, ақшаға қадап кеткен ғой", "Арманның ісін қайта тексеріп, осы Индираны да тексеру керек", "Осы қыз барлық нәрсені біледі менің ойымша, Арман адам қолынан кетті-ау деймін", "Индира сұмырай", "Алаяқтар болып тұр ғой", "Әншілерге сенім жоқ", деп жазды олар.
Естеріңізге сала кетейік, танымал композитор, продюсер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері Арман Дүйсенов 48 жасында дүниеден озды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






