сәрсенбі, 12 қараша, 2025 19:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді

Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді
istockphoto.com
Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келген.

Шалқарда үшем дүниеге келді. Сәбилерге Әдемі, Сұлу және Әміре есімі берілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Шалқар қаласының тұрғындары 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем – дүниеге келді.

Нәрестерлер анасының жүктілігінің 31-ші аптасында өмір есігін ашты. Жас отбасының бұдан бөлек 5 жасар ұлы, 3 жасар қызы бар.

Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы — 1600, 1670, 1490 грамм болса, бойлары бірдей, 35 см. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келген.

Шақалақтар 1 айдан аса облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдаған. Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар