сәрсенбі, 12 қараша, 2025 13:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды
Хромтау ауданының әкімдігі
Ол екі ай мерзімге қамауда болады.

Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықпаев пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол тергеу аяқталғанға дейін екі ай мерзімге қамауда болады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қала әкіміне қатысты «Пара алу» бабы бойынша іс қозғалған.

– Сот Сағындық Шабықпаевты екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, – делінген сот мәлімдемесінде.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 40 жастағы Сағындық Шабықпаев Хромтау қаласының әкімі қызметін екі жыл бұрын бастаған. Бұған дейін ол Хромтау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар