Белгілі блогер Елдос Калабок пен жұбайы Таңшолпан алғаш рет ата-ана атанды.
Жағымды жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, сүйінші сұраған.
“Аллаға шүкір! Сүйінші! Біз ата-ана болдық, ағайын!
Қош келдің, ұлым. 12.11.2025.
Ішпей-шекпей де мас болуға болады екен. Бақыттан басым айналып, ұшып жүрмін, ағайын. Сезімді жеткізе алмай жазып отырмын. Жүрегім ішіме сыймай жатыр. Шүкір, шүкір, шүкір”, – деп жазған ол.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала






