сейсенбі, 11 қараша, 2025 13:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астаналық шорт-трекші әлем кубогынан екі алтын медаль жеңіп алды

Астаналық шорт-трекші әлем кубогынан екі алтын медаль жеңіп алды
Жарысқа 24 мемлекеттен 140-тан астам спортшы қатысуда.

Астаналық шорт-трекші Богдан Вехов ISU Junior World Cup Short Track Astana 2025/26 жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Богдан Вехов Қазақстан тарихында 1000 метрлік қашықтықта жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында жеңімпаз атанған алғашқы спортшы болды.

Ерлер ұлттық құрамасы сапында астаналық шорт-трекшілер Павел Цой, Богдан Вехов және Темірлан Жолдас ел намысын қорғап, 3000 метрлік командалық жарыста қола медаль жеңіп алды.

Бұған дейін Богдан Вехов 1500 метр қашықтықта да жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасының еншісіне тағы бір алтын медаль қосты.

Бәсеке Астанадағы «Алау» спорт сарайында өтіп жатыр. Турнирге Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Канада, Нидерланд, Польша және басқа да шорт-тректің әлемдік элитасына кіретін 24 мемлекеттен 140-тан астам спортшы қатысуда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар