дүйсенбі, 10 қараша, 2025 16:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босады

Футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босады
ҚФФ
Кака бірнеше рет «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткерлер қатарына енді.

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Силвамен (Кака) келісімшарттың аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Бразилиялық маман 2018 жылдан бері ел құрамасын жаттықтырып, осы жылдар ішінде отандық футзалдың дамуына зор үлес қосты. Оның басшылығымен команда Еуропа мен әлемнің үздік құрамаларының қатарына қосылып, ойыны стилі мен тәртібі, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыру бойынша жаңа деңгейге көтерілді.

2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан тарихта алғаш рет жартылай финалға шығып, төртінші орын алды. Бұл жетістік еліміздің футзал тарихындағы ең айшықты жетістік болды.

2022 жылы Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне шықса, ал әлем чемпионатының іріктеуін сенімді өтті. Өзбекстанда өткен додада Қазақстан қайтадан үздік сегіз құраманың қатарынан көрінді.

Кака бас бапкер болған кезеңде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетіп, халықаралық мойындауға ие болды. Бұған қоса, Кака бірнеше рет «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткерлер қатарына енді.

Спорттағы еңбегі мен Қазақстан футзалының дамуына қосқан үлесі үшін Пауло Рикардо Кака Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Қазақстан футбол федерациясы Какаға көпжылдық еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Оның басшылығымен ұлттық құраманың ойыны мінез бен тұрақтылықтың үлгісіне айналып, нағыз командалық рухты көрсетті. Кака есімі отандық футзал тарихында мәңгі сақталады», - делінген ақпаратта.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар