"Өз кінәмді мойындаймын": Алика Мұхамедиеваның ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр
- авторОймақ
- 3 қараша, 2025
- 115
Қарағанды қалалық сотында қазақ халқының ар-намысына тиетін сөз таратты деген айыппен сотқа тартылған Алика Мұхамадиеваның ісі бойынша соңғы сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Судья отырысты ашық деп жариялап, істің сотталушының соңғы сөзімен аяқталатынын мәлімдеді.
Сөз алған Алика Мұхамадиева өз әрекетіне өкінетінін айтып, қазақ халқынан тағы бір мәрте кешірім сұрады.
«Маған өте ұят. Өз кінәмді толық мойындаймын. Айтқан сөздерім үшін өкінемін және барша қазақ халқынан кешірім сұраймын. Менің кішкентай қызым бар, соны ескерсеңіздер деймін. Бұрын мақсат қуып жүріп, ең маңыздысын жоғалтқанымды енді түсіндім. Қызымды құшағыма алу үшін бәрін беруге дайынмын», – деді Мұхамадиева.
Оның сөзінен кейін судья кеңесу бөлмесіне кетіп, үкім шығару үшін үзіліс жариялады.
Соттың шешімі бүгін сағат 17:00-де жарияланатыны хабарланды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Түркістан облысында тұрғыннан қару-жарақ тәркіледі
Ұқсас жаңалықтар
"Күйеуім қатерлі ісікпен ауырады" – Бишімбаевтың анасы сотта жылап қалды
- авторОймақ
- 14 қараша, 2025
Қызылорда облысы қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедке құрмет көрсетті
- авторОймақ
- 13 қараша, 2025






