«Қазгидромет» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
“4 қарашадан бастап еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде күшті қар, сондай-ақ екпінді жел, боран және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы да біртіндеп төмендейді. Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі: мұнда 4 қарашада түнде 5-13 градус аяз, күндіз 3-11 градус аяз күтіледі”, – делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.
Синоптиктердің мәлімдеуінше, суық Қазақстанның оңтүстігін де айналып өтпейді. 4 қарашада күтілетін жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашыннан кейін аймақта салқындау басталып, түнде ауа температурасы 0-13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 0-5 градус жылы шамасында болады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





