сенбі, 1 қараша, 2025 1:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан құрамасы Жасөспірімдер Азиадасын үздік үштікте түйіндеді

Қазақстан құрамасы Жасөспірімдер Азиадасын үздік үштікте түйіндеді
ото: Сали Сабиров / ҰОК
Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қай орынға ие болғаны анықталды.

Отандастарымыз дүбірлі додада 24 алтын, 29 күміс, 40 қола медаль алды. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді. 

Азия ойындарында Қытай (63-49-35) көш басында тұрса,екінші орынға Өзбекстан құрамасы (37-16-28) жайғасты.

Алғашқы ондықта тұрған құрамалар:

1. Қытай - 63-49-35 (147);
2. Өзбекстан - 37-16-28 (81);
3. Қазақстан - 24-29-40 (93);
4. Иран - 22-18-36 (76);
5. Таиланд - 15-15-18 (48);
6. Үндістан - 13-18-17 (48);
7. Гонконг - 13-13-10 (36);
8. БАӘ - 12-9-10 (31);
9. Солтүстік Корея - 8-5-2 (15);
10. Қытайлық Тайбэй - 7-9-24 (40).

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары 22-30 қазан аралығында өткізілді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар