сенбі, 1 қараша, 2025 0:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

79 жастағы британиялық миллионер мұрагер туып беретін жас әйел іздеп жатыр

79 жастағы британиялық миллионер мұрагер туып беретін жас әйел іздеп жатыр
Фото: Express.com
79 жастағы британиялық өзінің мәлімдемесінен кейін интернетте танымал болды.

Ол өзіне тұрмысқа шығып, ұл бала туып бере алатын жас әйел іздеп жүргенін айтты. Себебі ол болашақ ұлына ғана өзінің 1300 акр (шамамен 5,26 шаршы километр) аумақты алып жатқан Сомерсет графтығындағы мұрагерлік жерін қалдырмақ.

Ал мұрагердің басты мақсаты – "әулетті жалғастыру". Бұл мәлімдеме желіде үлкен талқыға түсті. Бірі, мұны қызығушылықпен қабылдаса, енді бірі ашуға булықты. 

Миллионердің үлкен жер иелігі бірнеше ұрпақ бойы оның отбасына тиесілі. Оған сәнді үй, ат қоралары және ауыл шаруашылық алқаптары кіреді. Ол бұл мүлікті қандай жағдай болса да өз ұрпағының қолында қалдыруды көздеп отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар