бейсенбі, 30 қазан, 2025 22:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін істері салаларына жетекшілік етеді.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Абзал Нүкенов тағайындалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін істері салаларына жетекшілік етеді.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінде жұмыс істеген, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған.

Әр жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығын басқарған, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар