бейсенбі, 30 қазан, 2025 1:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды

Қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды
Фото: Қазақстан кинологтар одағы
Қазақстанның кинологтар одағы ұлттық ит тұқымдарын сақтау мен дамыту ісінде жетекші ұйым ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеді.

Қазақ мамандарының табанды еңбегінің арқасында қазақ тазысы мен төбет тұқымы халықаралық деңгейде мойындалып, еліміздің атын әлемдік кинология аренасында әйгіледі.

Соңғы үш жылда Одақ бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді: ол Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) толыққанды мүшесі атанып, «қазақ тазысы» тұқымын алдын ала халықаралық мойындауға ресми өтінім берді. FCI бюросы тарихи шешім қабылдап, қазақ тазысына алдын ала халықаралық мәртебе берді. Бұл қадам Қазақстанның ұлттық ит тұқымдарының толыққанды әлемдік мойындалуына жол ашты.

2025 жылы қазақ тазысы Финляндияның Хельсинки қаласында өткен World Dog Show халықаралық көрмесінде табысты өнер көрсетіп, жоғары марапаттарға ие болды және елімізді әлемнің жетекші кинологиялық қауымдастықтарының арасында лайықты деңгейде танытты. Сарапшылардың пікірінше, бұл жетістік – көпжылдық еңбектің, туған жерге деген сүйіспеншіліктің және ұлттық құндылықтарға адалықтың нәтижесі.

Ұлттық ит тұқымдарын дамыту мен насихаттауға қосқан зор үлесі үшін бірқатар мамандар жоғары мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды:

• «Құрмет» орденімен – Серікқали Бауыржан Серікқалиұлы, Дровосекова Наталья Анатольевна және Хардина Елена Витальевна марапатталды.
• Президенттің алғыс хатымен – Мечковский Евгений Анатольевич пен Болысбай Іңкәр Мақсатқызы марапатталды.
• Экология министрінің Құрмет грамотасымен – Дандыбаева Жанна Серікқызы марапатталды.

Қазақстанның кинологтар одағы алдағы уақытта да ұлттық ит тұқымдарын сақтау, зерттеу және халықаралық деңгейде ілгерілету бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырып, еліміздің беделін әлемдік кинологиялық қауымдастықта нығайтуды көздеп отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар