Данияр Әлиев Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды
- авторОймақ
- 20 қазан, 2025
- 308
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Әлиев тағайындалды.
Данияр Абзалиденұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Тарих" мамандығы бойынша және "Алматы" университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві мен Алматы қаласының тарих музейінде бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Бүгінгі тағайындауға дейін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Президент «Самұрық-Қазына» қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады
- авторОймақ
- 2 желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады
- авторОймақ
- 1 желтоқсан, 2025






