дүйсенбі, 20 қазан, 2025 18:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үш гимнаст әлем чемпионатының финалына шықты

Үш гимнаст әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК
Джакартада спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Спорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында үш қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Милад Карими еркін жаттығуларда 14.133 ұпай жинап, төртінші нәтижемен финалға өтті. Сондай-ақ кермедегі жаттығуларда 14.200 ұпай еншілеп, ақтық сынға шықты.

ҚР ҰОК мәліметінше, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығудың іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, ең жоғары көрсеткіш – 14.700 ұпаймен бірінші орын алды.

Сонымен қатар ат снарядындағы жаттығулардың финалында Зейнолла Ыдырысов (14.300 ұпай) өнер көрсетеді.

Айта кетейік, еркін және ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалдық бәсеке 24 қазанда өтеді. Ал кермедегі жаттығуда жүлдегерлер 25 қазанда анықталады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар