жексенбі, 24 қараша, 2024 21:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз шетел азаматы қаза тапты

Ақтөбе облысында  жол апатынан сегіз шетел азаматы қаза тапты
https://massaget.kz
Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы - барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары - оқиға орнында қаза тапты.

3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлады Massaget.kz сайты

Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті жүргізушілерге көліктің жай-күйін бақылауда ұстауды, жол ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар