"Астана мен Алматыда қоғамдық көліктің нақты нарықтық бағасы 500 теңге шамасында болуы керек" – сарапшы
- авторОймақ
- Бүгін, 13:11
- 25

Энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі, сарапшы Олжас Байділдинов қоғамдық көлікті субсидиялау жүйесін сынға алып, жолақыны нарық заңына сай белгілеу қажет екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Сарапшының пікірінше, Петропавл қаласында соңғы үш жыл бойы тасымалдаушыларға мемлекет тарапынан субсидия төленбей келеді. Ол бұл саланы «түсініксіз әрі жемқорлыққа бейім жүйе» деп сипаттады.
– Петропавлда тасымалдаушылардың дерегінше, өзін-өзі ақтайтын баға шамамен 345 теңге болуы тиіс. Алайда субсидиялар бірнеше жылдан бері берілмей отыр. Бұл жүйе ашық емес және сапаны арттыруға еш әсер етпейді, – деді Байділдинов.
Оның айтуынша, Астана мен Алматыдағы жолақы да нарықтық көрсеткіштен әлдеқайда төмен.
– Астана мен Алматыда қоғамдық көліктің нақты нарықтық бағасы 500 теңге шамасында болуы керек. Тек Алматының өзінде былтыр автобус тасымалын субсидиялауға 200 миллион доллар жұмсалды. Бірақ бұл сапаға әсер етіп отыр ма? – деп сұрақ қойды сарапшы.
Ол қазіргі тариф жүйесінің әділетсіз екенін айтып, жолаушылар жүрген қашықтығына қарай ақы төлеуі қажет деген пікір білдірді.
– Үш аялдама жүрген адам мен соңғы аялдамаға дейін барған жолаушының бірдей төлем жасауы – экономикалық тұрғыдан қисынсыз. Сондықтан субсидиялар жүйесін жойып, нарықтық баға белгілеуге көшу керек. Бұл қадамға бәрібір ерте ме, кеш пе, барамыз, – деді Олжас Байділдинов.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ақтөбеде 15 жастағы футболшы қаза тапты
Ұқсас жаңалықтар
Qazaq Air ұшағында болған апатты жағдайға байланысты тексеріс басталды
- авторОймақ
- Бүгін, 10:33
Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтың еш жерде жарияланбаған видеосын жариялады
- авторОймақ
- 12 қазан, 2025