
Батыс Қазақстан облыстық соты бұрынғы Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұловтың амнистия беру және үкімді жеңілдету туралы апелляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін ол алаяқтық жасауға оқталғаны үшін 2 жыл 7 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.
Руслан Жұмағұлов пен оның адвокаты Нұржігіт Фазылғалиевтің шағымдарын қарады. Екеуі де соттан жазаны жеңілдетуді және амнистия қолдануды сұраған.
Алайда сот бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.
«Сотталғандар мен олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмады, Тасқала аудандық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылды», – делінген сот қаулысында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.