сәрсенбі, 8 қазан, 2025 18:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Питер Фостер «Air Astana» басшылығынан кететінін айтты

Питер Фостер «Air Astana» басшылығынан кететінін айтты
Air Astana баспасөз қызметі
Оның орнына қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел бас атқарушы директор қызметіне тағайындалмақ.

«Air Astana» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кететінін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Компания мәліметінше, Фостер өз қызметін аяқтағаннан кейін де компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.

Оның орнына қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел бас атқарушы директор қызметіне тағайындалмақ. Ол «Air Astana» компаниясында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал 2017 жылдан бастап компанияның қаржы саласын басқарып келеді.

«Air Astana» директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов Питер Фостердің компанияны 20 жыл бойы басқарудағы еңбегін ерекше атап өтті:

«Директорлар кеңесі Питер Фостерге компанияны құрылған күнінен бастап Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші әуе компаниясына, әлемдік деңгейде мойындалған брендке дейін жеткізгені үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сонымен қатар, Ибрахим Жанлыелдің басшылыққа келуімен компания жаңа белестерге жетеді деп сенеміз», — деді Жақұпов.

Айта кетейік, Питер Фостер 2005 жылдан бері «Air Astana»-ны басқарып келеді және оның басшылығымен компания Қазақстанның авиация саласындағы жетекші брендке айналды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар