сәрсенбі, 8 қазан, 2025 12:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Музыка бізді біріктіреді" - Димаш Құдайберген

"Музыка бізді біріктіреді" - Димаш Құдайберген
dimashnews.com
"Бізге бейбітшілік керек".

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі аңызға айналған Madison Square Garden сахнасында өткен жеке концертінен кейін көрерменге алғыс білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Өнер иесі бұл кешті өзінің орындалған арманы деп атап, оған үлес қосқан барлық адамға – командасына, музыканттарға және әр тыңдарманына шынайы ризашылығын жеткізді.

Музыка бізді біріктіріп, соның нәтижесінде Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен жүрекке, жаннан жанға жетеледі, - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Концерттің шарықтау шегі – әншінің үш жылдан астам уақыт бойы дайындалған авторлық туындысы болды. Бұл шығарма төрт әлемдік діннің музыкалық және рухани сарындарын біріктіріп, бірлік пен бейбітшіліктің үнін жеткізді.

Madison Square Garden көрермендері туындыны аяқтарынан тік тұрып тыңдап, ұзақ уақыт қол соғып, өз сезімі мен бейбітшілікке деген үмітін бөліскендей әсер қалдырды.

Толқып тұрған Димаш көрерменге қарап:

Бізге бейбітшілік керек, – деді.

Кеш соңында әнші Нью-Йорктегі осы тарихи концерт туралы «Арман тарихқа айналғанда» атты деректі фильм әзірлеп жатқанын хабарлады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар