
Instagram желісінде 13 мың жазылушысы бар атыраулық блогер Құралай Болатова соққыға жығылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына с3лтеме жасап7
Оған Стамбулға баратын турдың жарнамасын ұсынған. Құралайдың өзі де ұйымдастырушыға тур үшін 100 мың теңге алдын ала төлем аударған. Бұл ұсыныс туралы stories жариялағаннан кейін оған басқа жазылушылары да хабарласып, ақша жіберген. Алайда тур жүзеге аспаған, ал Болатова ақшаны қайтаруды талап еткенде, оған қоқан-лоққы жасалған.
3 қазан кешкісін турды ұйымдастырушы мен оның құрбысы Құралайды аңдып, «сөйлесейік» деген сылтаумен қала сыртындағы зиратқа апарып, ұрып-соғып, қорлаған.
«Мені алдап, ұрып, қорлады. Мен үнсіз қала алмаймын, шындық ашылып, кінәлілер жауапқа тартылсын деймін. Заң бәріне бірдей болуы керек», — деп жазды Құралай Болатова Instagram парақшасында.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 4 қазанда Атырау қаласының 25 жастағы тұрғыны таныстарынан таяқ жегенін айтып, полицияға жүгінгенін мәлімдеді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр: бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынды, куәгерлерден жауап алынып, беттестірулер жүргізілуде. Өтініш иесінің барлық уәждері мұқият тексеріледі, ал жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі», - деді полиция.
Істің тергелуі облыстық полиция басшылығының жеке бақылауында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.