Эвересте қарлы боран соғып, 1000-ға жуық альпинист қар құрсауында қалды
- авторОймақ
- Бүгін, 09:38
- 20

Эвересттің шығыс баурайында соңғы жылдардағы ең күшті қарлы бораны соғып, Тибет жағындағы 4900 метрден жоғары биіктікте шамамен мыңға жуық адам қар құрсауында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алпенистердің шатырлары қарға көміліп, тіпті қирап қалған. Қытайдың мемлекеттік БАҚ-тың хабалауынша, көру мүмкіндігі бір метрден қашықтықтан да аз болған.
Бүгіннен бастап ол жақта ауқымды құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстарына әзірге жергілікті құтқарушылар, тұрғындар мен гидтер қатысып жатыр.
Ауа райы қолайсызғынан көрші Непал тұрғындары да зардап шекті. Жұма күнінен бері қатты нөсер мен су тасқыны салдарынан кемінде 47 адам қаза тапқан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.