Алматыда әскери бөлімдердің бірінде сарбаз көп қабатты ғимараттан секіргеннен кейін тексеріс басталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
“4 қазанда 5571 әскери бөлімінде сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті. Ол қаладағы жедел көмек ауруханасына жеткізілді, тиісті медициналық көмекті алып жатыр” деп жазылған Ұлттық гвардияның “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қызметтік тексеріс басталған, жай-жапсары анықталып жатыр деп айтылады.
Ведомствоның хабарлауынша, сарбаз әскери борышын өтеп жүрген кезде оған “бейімдеу қабілетінің бұзылуы” диагнозы қойылған. Әскери-дәрігерлік комиссиясының шешімін күтіп жүрген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда азаматтардың рұқсатынсыз фотоға не видеоға түсіруге тыйым салынады
- авторОймақ
- 20 қараша, 2025
Tesla Education басшылығына қатысты "алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды
- авторОймақ
- 20 қараша, 2025






