жұма, 3 қазан, 2025 17:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Еңбек Ері" атанған ұстаздар кім?

"Еңбек Ері" атанған ұстаздар кім?
gov.kz
Тоғыз педагогтің есімі белгілі.

Қазақстанның тарихында жоғары мемлекеттік награда «Еңбек Ері» атағымен марапатталған тоғыз педагогтің есімі белгілі. Олардың ішінде Социалистік Еңбек Ерлері Жақия Шайжүнісов, Құдыс Әбсәметов, Рафиқа Нұртазина, Маржан Тасова бар.

2008 жылы «Қазақстанның Еңбек ері» атағымен академик Аягүл Миразова марапатталды, ал 2018 жылы бұл жоғары атақ Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Алина Соловьеваға берілді.

Арада 5 жылдан кейін 2023 жылы 5 қазанда абайлық мұғалім Алма Шүкіжанова марапатталды. 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында алғаш рет бірден екі мұғалімге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен Алтын жұлдыз айрықша ерекшелік белгісін және «Отан» орденін тапсырды. Олар – Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова мен Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Траисова.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар