жұма, 3 қазан, 2025 14:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

15 жастағы қызға үйленген қарағандылықтың соты басталды

15 жастағы қызға үйленген қарағандылықтың соты басталды
скрин
Сұмдық оқиға Қарағанды облысының Абай қаласында болған

Сұмдық оқиға Қарағанды облысының Абай қаласында болған. 15 жастағы қыздың шешесі мен өгей әкесі оны 38 жастағы достарына тұрмысқа берген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.

38 жастағы күдікті Астанада жасырынған жерінен ұсталған. Іс материалдары бойынша ол кәмелетке толмаған қызды үш рет зорлаған.

Қыздың әкесі бұрынғы әйелі, яғни қыздың шешесі мен оның күйеуінің, күдіктінің діни ағымның өкілі екенін айтып отыр. Сол себепті де қызды жасы үлкен ерге берген.

Басқа балалар осындай жағдайға ұшырамас үшін Білім бөлімі қыздың шешесін ата-аналық құқығынан айыруды сұраған. Бірақ сот бұл талап-арызды кері қайтарған.

«Қыздың шешесі мен өгей әкесі куәгер ретінде жауап беріп жатыр. Күдікті өгей әкесінің жақсы досы. Олар он жылдан бері таныс. Күдікті қызды үш рет зорлаған. Олар қыздың өмірін құртты. Бәрін бүлдіріп енді куәгер ретінде отыр. Олардың да жауап бергенін қалаймын», — дейді қыздың әкесі.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар