бейсенбі, 2 қазан, 2025 21:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кореяда қазақстандық жігіт елге оралу үшін мейрамхана тонаған

Кореяда қазақстандық жігіт елге оралу үшін мейрамхана тонаған
Фото: Видеодан скрин
Оңтүстік Кореяда 20 жастағы қазақстандық мейрамхана тонап, ұрланған ақшамен Қазақстанға ұшып кетпек болған.

Басылымның хабарлауынша, шамамен 20 жастағы қазақстандық жігіт жұмыс күні басталмай тұрып, бос тұрған мейрамханаға кіріп, кассадан 490 мың вон (191 мың теңге) қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен. 

"Таңғы сағат 09:10-да күдікті мейрамханаға құлыпталмаған терезеден кіріп, кассадағы сейфтен 420 мың вон қолма-қол ақшаны және аз қамтылған жандарға арналған қайырымдылық жәшігінен 60–70 мың вонды алып кеткен", – делінген жазбада.

Күдіктіні мейрамхана маңында жүрген полиция қызметкерлері ұстаған.

"Күдікті Кореяға 2024 жылы жұмыс істеу мақсатымен келіп, құрылыс алаңдарында күнделікті жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істеген. Өзінің айтуынша, соңғы уақытта жұмыссыз қалып, қылмысты Қазақстанға қайтып ұшу үшін жасаған", – деп хабарлайды басылым.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әзірге жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар