бейсенбі, 2 қазан, 2025 10:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шерхан Қалмырза Мбаппенің соққысын қайтарып, турдың үздік сәттеріне ілікті

Шерхан Қалмырза Мбаппенің соққысын қайтарып, турдың үздік сәттеріне ілікті
Фото: instagram.com/kallmurza
УЕФА ең жарқын сейвтерді атады.

«Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Мбаппенің соққысын қайтарып, турдың үздік сәттеріне ілікті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

УЕФА Чемпиондар лигасы екінші турдың қорытындысын шығарып, ең жарқын сейвтерді атады. Үздік төрттікке қазақстандық «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырза да енді.

Турнирдің ресми аккаунтында жарияланған эпизодта 18 жастағы қақпашы мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппенің соққысын тоқтатты.

Шерхан Қалмұрза – клубтың үшінші қақпашысы. Ол Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алғаннан кейін мүмкіндік алған. Биылғы маусым жас ойыншы үшін дебюттік болып отыр: «Спортингке» қарсы ойында ол пенальтиді қайтарып, Чемпиондар лигасындағы ең жас қақпашы ретінде тарихқа енді.

Үздік сейвтер қатарына сондай-ақ мыналар кірді: Угурджан Чакыр («Галатасарай» – «Ливерпуль»), Роберт Санчес («Челси» – «Бенфика») және Витезслав Ярош («Марсель» – «Аякс»).

Алматыдағы ойыннан кейін қақпашылар жейделерімен алмасты. Тибо Куртуа кейінірек әлеуметтік желіде фото жариялап, жас қазақстандық әріптесіне құрметін білдірді.

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, қонақтардың жеңісімен аяқталды. Дегенмен, деңгейдегі айырмашылыққа қарамастан, алматылықтар жігер танытты, ал жас қақпашы кештің басты жаңалығына айналды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар